Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Сурет: Prosports.kz

Бейбіт Жукаев қазір 394-сатыда.

Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.


«Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 41-ге төмендеді. Президент кубогының финалына шығуы нәтижесінде Денис Евсеев 341-ден бірден 269-орынға көтерілді. Осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев қазір 394-сатыда. Сөйтіп, екеуі де жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Дмитрий Попко 179-ыншы, Михаил Кукушкин 207-інші, Тимофей Скатов 216-орында келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 43, Александр Недовесов 61-сатыда тұр»,- делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге түсті. Зарина Дияс - 245, Жібек Құламбаева - 488 (+21), Гөзал Айнитдинова - 561. Жұптық сында Анна Данилина 23-орында келеді.