Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан беделді халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан беделді халықаралық турнирде жеңіске жетті
Сурет: Olympic.kz

14 жастағы қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Барселонада (Испания) өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion беделді турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Финалда қазақстандық жергілікті теннисшінің қарсылығын 6:4, 6:2 есебімен бұзды. Чемпион жүлдесін Каталония мэрі жеке өзі табыс етті және біздің теннисшінің жеңіске деген керемет ерік-жігерін атап өтті.

Осы жеңістің арқасында Томирис тағы сегіз мықты теннисшімен бірге ағымдағы жылдың сәуір айында Барселонада АТР 500 қатар өтетін турнирде осы қалада ойнайтын болады.