Қазақстандық теннисші Мароккодағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Мароккодағы жарысты сәтті бастады
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында жапониялық Ена Шибахарамен шеберлік байқасты. Анна Данилина қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Е.Шибахара 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. Данилина іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольдпен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.