Қазақстандық теннисші Босниядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Босниядағы турнирдің финалына шықты Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандық Александр Недовесов Босния және Герцеговинаның Баня-Лука қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші жұптық сында португалиялық Франсиско Кабралмен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле және Йоран Флигенмен шеберлік байқасты.


Қазақстандық-португалиялық жұп екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде 6:7 (2:7), 7:6 (7:2), 10:8 есебімен жеңіске жетті.


Александр мен Франсиско финалда доданың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей жаңазеландиялық Майкл Винуспен бас жүлдені сарапқа салады.


Бұл жұп жартылай финалда тағы бір қазақстандық Андрей Голубев пен украиналық Денис Молчановты тізе бүктірді - 6:3, 7:6 (7:1).


Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір қазақстандық теннисшінің Босниядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37