Қазақстандық теннисші әлемдегі ең беделді теннис додасының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші әлемдегі ең беделді теннис додасының жартылай финалына жолдама алды
Сурет: Championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйгілі «Уимблдон» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты.

Отандасымыздың жарыс жолындағы кезекті қарсыласы австралиялық Айля Томлянович болатын. Ойынды қарқынды бастаған Томлянович алғашқы сетте 6:4 есебімен басым түсіп, Рыбакинаны тығырыққа тіреді. Есе жібергеннен кейін тез ес жиған қазақстандық теннисші екінші кезеңді 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Шешуші, үшінші, сетте қатарынан 3 геймді алған Елена соңына дейін жеңісті уысынан шығармады. Қорытынды нәтиже 2:1. Осылайша жұлдызы жанған Рыбакина 145 жылдық тарихы бар әлемдегі ең беделді теннис додасының жартылай финалына шықты. Енді ол бүгін кешкісін әлемдік рейтингтің 18-ші ракеткасы Симона Халеппен байрақты бәсекенің финалдық жолдамасын сарапқа салады.