Қазақстандық таеквондошылар Fajr Open турнирін сәтті аяқтады

Қазақстандық таеквондошылар Fajr Open турнирін сәтті  аяқтады
Сурет: Olympic.kz

Үш медальмен аяқтады.

Иранда таеквондодан халықаралық Fajr Open турнирі аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Бұл жүлде 80 келіде бақ сынаған Нұрлан Мырзабаевқа тиесілі. 

6-9 наурыз аралығында өткен аламан қорытындысы бойынша, құрама қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар. 

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің алғашқы күнінде Жансель Дениз (73 кг) бен Әмина Нұрғазықызы (62 кг) күміс және қола медальмен көзге түскен. Бұл нәтиже Қазақстанның әйелдер құрамасының үздік үштікке енуіне мүмкіндік берді.