Қазақстандық таэквандошылар әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық таэквандошылар әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық таэквондошылар екі қола медаль жеңіп алды.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тұғырдың үшінші сатысына Дастан Нәжімханов көтерілді. Сондай-ақ, 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Артур Пак қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, қазақстандық таэквондошылар Софиядағы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.