Қазақстандық студенттердің стипендиясы екі есе көбейеді

Қазақстандық студенттердің стипендиясы екі есе көбейеді
Сурет: Antiplagiat-killer.kz

Биыл грант саны да 88 мыңға дейін көбейген.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында ЖОО студенттеріне арналған стипендияның жаңа мөлшерін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гранттар саны 2020 жылғы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, оқушыларға стипендия мөлшері де артып келеді. Мәселен, бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге артады», - деді министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға баса назар аударылған.

«Магистратура деңгейінде 5,8 %, докторантура деңгейінде 0,94% ғана оқиды. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура 10%-дан астам, ал докторантура 2%-дан жоғары болуы тиіс, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.