Қазақстандық студент көп сандарды калькуляторсыз есептеу формуласын ойлап тапты

Қазақстандық студент көп сандарды калькуляторсыз есептеу формуласын ойлап тапты Сурет: Elorda.info

Бүгінде жас ғалымның 33 түрлі формуласы бар.


Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын ІІ курс студенті көп сандарды калькуляторсыз есептеудің жаңа формуласын ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінде жас ғалымның 33 түрлі формуласы бар. Дарынды студент алдағы уақытта өз еңбегін патенттеп, шәкірт тәрбиелеуді армандайды.


Ақпараттық технологиялар факультетінің білім алушысы Бек Мұсабековтің математика пәніне қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Талантты жас квадрат және куб әдістерімен формулаларды 9-сыныпта алғаш рет ойлап тапты.


«Түбір астынан жуықтап табу» амалын баған және квадрат арқылы шешу де – оның мектептегі еңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандарды калькулятордың көмегінсіз есептеуге болатын формула жасап шығарды.



«Калькулятор қолдану мүмкіндігі жоқ барлық жерде, тіпті емтиханда да менің формуламмен есептер еркін шығарылады. Оның үстіне бұл – уақыт үнемдеуге де үлкен мүмкіндік. Енді осы формулаларымды патенттеп алғым келеді. Менің ойлап тапқан формуламды оқу бағдарламасына кіргізуге болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта математикадан шәкірт тәрбиелеп, оқушыларымды олимпиадаларға дайындасам деген ниетім бар, - дейді Еуразия ұлттық университетінің студенті Бек Мұсабеков.



Айта кетейік, жас ғалымның калькуляторсыз есептеудің 33 түрлі формуласы бар. Оның 29-ын мектеп қабырғасында шығарса, 4-еуін университетте жүріп ойлап тапқан. Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің бұдан да оңай формулаларын іздеуді жалғастырмақ.


Бек Мұсабеков өзінің қабілетін 2021 жылы «Дарынды жас ғалым» республикалық ғылыми-жобалар байқауында ортаға салып, «Дарын» аталымы бойынша топ жарды. ЕҰУ студенті «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен де марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52