Қазақстандық сценаристер Лондон кинофестивалінде үздік деп танылды

Қазақстандық сценаристер Лондон кинофестивалінде үздік деп танылды
Сурет: Qazaqtv.com

Лондонда өткен Еуразия киносының тәуелсіз фестивалінде қазақстандық авторлар үздік деп танылды.

Журналист-жазушы Наталья Махноның «Бифуркация нүктесі» туындысы «Ең үздік сценарий», Ділшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» анимациялық фильмі «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

"Наталья Махноны жеңісімен құттықтаймыз. Бірнеше жақсы сценарийлер болды, бірақ «Бифуркация нүктесі» шығармасы өзінің шынайылығымен басым түсті. Сценарийге жас қыздың тағдыры және оның махаббат сезімі арқау болған", - деді қазылар алқасының мүшесі Питер Бланд. 

Еуразиялық шығармашылық гильдиясы ұйымдастырған кинофестиваль биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Оған 11 елдің өкілі қатысып, барлығы жиырма бес туынды ұсынылды. Айта кетейік, жыл сайын байқау әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген талантты режиссер, актер, продюсер, сценарист және мультипликатордың басын қосады.