Қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы алда келеді

Қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы алда келеді
Сурет: Olympic.kz

Заңғар ұпай санын 505-ке жеткізді.

Tennis Europe ұйымы алдағы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында көшбасшылық жағдайын жақсарта түсті. Беделді Еуропа турнирлерінде сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде Заңғар ұпай санын 505-ке жеткізді. Осылайша Қазақстанның жас жұлдызы өзінен кейін келе жатқан Микаэл Аванесян (Армения), Иван Иванов (Болгария), Ленни Петиттен (Франция) қара үзіп кетті.