Қазақстандық спортшы дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық спортшы дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты
Сурет: Olympic.kz

Бүгін, 4 тамыз, Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды.

Қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 48 келіге дейінгі алтын медаль үшін күреседі. Бірінші жекпе-жекте ол Чен-Хао Линнен (Тайпей) мықты болды. Ал жартылай финалда Наранцецег Ганбаатардан (Моңғолия) спортшысын ұтты.

Үшінші орын үшін Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) бақ сынайды.