Қазақстандық спортшы Бейжің Олимпиадасының финалында

Қазақстандық спортшы Бейжің Олимпиадасының финалында
Cурет: Olympic.kz

Әділ Ғалиахметов шорт-тректен финалда

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жүгіруден ерлер арасындағы жартылай финал бәсекесі аяқталып, қазақстандық Әділ Ғалиахметов финалға шықты деп, хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әділ Ғалиахметов жартылай финалдық жарысты сәтті бастап, біраз уақыт көш басында келе жатты. Мәреге жақындаған тұста оны қарсыластары басып озып, кейін Әділ қайтадан шабуылға шыққан болатын. 

Осы тұста қытайлық Жэнь Цзэ Вэй алға озбақ болған қазақстандық спортшыны жарыс жолағынан шығарып жіберді. 

Ұзақ уақыт бойы ақылдасқан төрешілер қытайлық спортшыға пенальти беріп, жарыстан шеттетті. Ал Әділ Ғалиахметов А финалына жолдама алды.