Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Сурет: Reuters

Бұл - Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы тұңғыш алтын болып отыр.

АҚШ-та Орегонда жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазақстандық спортшы Нора Джеруто тұңғыш рет алтын медаль алды.

Әйелдер арасында 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финал мәресіне жетті. Қазақстандық Нора Джеруто қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы тұңғыш алтын болып отыр. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.

Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған.