Қазақстандық шұбат шетелдерге экспортталады

Қазақстандық шұбат шетелдерге экспортталады
Сурет: Tengrinews.kz

Ұлттық сусын – шұбатқа деген сұраныс жоғары.

Экологиялық таза өнім тек қазақстандықтар арасында ғана емес, шетелде де танымалдылыққа ие. Қазір отандық өнім көршілес Қытай мен араб елдеріне экспортталып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Шетелге жөнелту мақсатында Алматы облысындағы Ақши ауылы шұбат өндірісін өркендетуге кірісті. Өткен жылы мұнда ұнтақталған түйе сүтін шығаратын кәсіпорын ашылған болатын. Мұнда айына 30 тонна өнім шығарады.

«Түйе малын асырап, басын көбейтіп, сүтін көбейтіп, үйлерінен кәдімгі шұбат ретінде сатып жатқан азаматтарымыз бар. Жақсы қарқынмен, жақсы бағытта келе жатыр бұл жұмыстар бізде. Дүние жүзінде де, біздің мемлекетте де елдің, жұрттың, халықтың көзі жетіп отыр, таза өнімдерге көшіп жатыр», - дейді Күрті ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаров. 

Шұбатпен қоса, түйе етіне деген сұраныс та өте жоғары. Өйткені оның құрамында холестерин болмайды. Ал майы түрлі ауруларды емдеу мақсатында пайдаланады.

«Екі түйе алып бастадым. Содан кейін ізінен қазір, Құдайға шүкір, 50 шақты түйем бар. Сөйтіп, неғыламын деген жоқпын, Құдай, Алланың берген несібесі шығар. Балаларымның несібесі шығар. Сөйтіп, шұбатпен айналысып отырған жағдайымыз бар. Емдік қасиеті күшті мұның», - дейді ауыл тұрғыны Еркінай Әбілханова. 

.