Қазақстандық шаруалар игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтарып жатыр

Қазақстандық шаруалар игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтарып жатыр
Сурет: 33stroysam.ru

Бүгінгі таңда 445 шаруаға ескерту берілген.

Қазақстанның кей өңірлеріндегі шаруалар жерді ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланбағандықтан, жерді мемлекетке қайтарып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemenge kz сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, маңғыстаулық фермерлер жерді ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалануға алғанымен, іс жүзінде кәдесіне жаратпаған. Сондықтан Маңғыстау облысында игерілмеген 303 мың гектар жер қайта мемлекет меншігіне алынған. 

2020 жылы бос жатқан алқаптарды анықтау үшін Қазақстанның 4 облысына ғарыштан мониторинг жасау жобасы іске қосылған болатын. Зерттеу нәтижесінде Маңғыстау облысындағы 2 миллионнан астам жердің бос жатқаны анықталған. Өткен жылы 445 шаруаға ескерту берілген.

«Жалпы, ауыл шаруашылығына табысталған 3 млн гектардай жер бар. Қарақия ауданы негізінен көлемді жерді қайтарды, Маңғыстау ауданынан 12 шаруашылық 154 мың гектардай жерді қайтарса, Бейнеу ауданында ірі көлемдегі шаруашылық болмағандықтан, 45 мың, 10 мың гектар жер қайтарылып жатыр. Жерді 1 жыл ішінде пайдаланбағаны анықталса, әуелі ескерту беріледі», - деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов.