Қазақстандық семсерлеушілер әлем чемпионатында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді

Қазақстандық семсерлеушілер әлем чемпионатында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді
Сурет: Olympic.kz

Олар 1/4 финалға шықты.

Мысыр астанасы Каирде семсерлесуден әлем чемпионаты жалғасуда. Әлем чемпионаты аясында семсерлесушілер арасында медальдар сарапқа салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстанды бұл формада Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов қорғады.

Ең жақсы нәтижеге Құрбанов пен Әлімжанов қол жеткізді. Олар 1/4 финалға шықты. Нәтижесінде Құрбанов Олимпиада чемпионы Ромен Канноннан (Франция) ұтылып, алтыншы орынға тұрақтаса, Әлімжанов бельгиялық Лойол Нейсерден жеңіліп қалды – жетінші орын.

Шарлаимов мәреге 56-орынға тұрақтады. Алексанин 77-орынға көтерілді.

Каннон алтын, жапондық Минобе Казуясу мәреге екінші, Нейсер мен украиналық Игорь Рейзлин қола жүлдені еншіледі.