Қазақстандық саясаттанушы тұрақтандыру қорларының жұмысы туралы айтты

Қазақстандық саясаттанушы тұрақтандыру қорларының жұмысы туралы айтты
Сурет: Zakon.kz

Пайдасынан бұрын зияны көп.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақтандыру қорларының тиімділігі төмен екенін атап өтті. Саясаттанушы Талғат Қалиев тұрақтандыру қорларының жұмысы көптен бері тұрғындар тарапынан да, сала өкілдері тарапынан да көп сынға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz cілтеме жасап.

«Бұл қаражат ешқашан бағаны тұрақтандыруға немесе оның төмендеуіне ықпал етпейді – қаражат жай ғана біреудің қалтасына түсіп, сонда орналасып, адамдардың тар шеңберінің заңсыз баюына әкелді. Кейде адамда қорлардың өзі экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін емес, тек сыбайлас жемқорлық мақсатпен құрылғандай әсер қалдырады, өйткені пайдасынан бұрын зияны көп», - деп есептейді Талғат Қалиев.

Саясаттанушы қазір «дөңгелекті қайта ойлап табудың қажеті жоқ» - өндірушілерге көмектің ашық бөлінуіне қол жеткізу қажет деп санайды.

«Сонымен қатар бізде ғарыштық мониторинг бар, ол қанша жерге егілгенін, кімнің жерді заңсыз иемденіп отырғанын және субсидия талап етіп отырғанын көруге мүмкіндік береді. Қазақстанның және бүкіл әлемнің азық-түлік қорын ұлғайтудағы өзекті қажеттілігін ескере отырып, қазір ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне барынша тез қайтару және оларды халық арасында әділ бөлуді қамтамасыз ету өте маңызды. Өйткені 90-жылдары жүргізілген ауыл шаруашылығы жерлерін жекешелендіру сәтсіз болды», - деді спикер.