Қазақстандық сарапшылар діни ахуалды талқылады

Қазақстандық сарапшылар діни ахуалды талқылады
Сурет: Lightfieldstudios.net

Талқылау онлайн-конференция аясында өтті. 

Қазақстандық мамандар мен сарапшылар деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл туралы әңгіме қозғады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

«Бүгін сарапшылар онлайн-конференция аясында радикалды деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қазіргі діни ахуалдың көрінісі мен оның келешектегі дамуы сұрақтарын талқылады», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының, Геосаяси зерттеулер институтының басшылары, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми-оқытушылық құрамының, салалық ҮЕҰ өкілдері және басқалар қатысты.