Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды

Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Дүниежүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді

Вилли-Реал-де-Санто-Антонио (Португалия) қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысты. Нәтижесінде параспортшыларымыз жарыста 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.

IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық спорт. Дүниежүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді. IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.