Қазақстандық өрт сөндірушілер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық өрт сөндірушілер әлем чемпионы атанды
Сурет: Elorda.info

Нәтижесі - 27,16 секунд.

Бүгін Самарқанд қаласында ТЖМ әйелдер құрамасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша VII әлем чемпионатының жауынгерлік қанат жаюда чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Әйелдерден құралған 4 команда жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін жарысты. Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өртке келген кезде өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін қайталайды. Бұл кезеңнін мәні – магистральдық жеңқұбыр желісін тез әрі дұрыс төсеу және нысанды су ағынымен «зақымдау». Нысана ортасындағы тесік арқылы сыйымдылықты он литр сумен толтырғаннан кейін зақымданған болып саналады.

Әйелдер командалары арасындағы жарыс Қазақстан құрама командасының жеңісімен аяқталды. Нәтижесі 27,16 секундты құрады.

2-орынды Ресей Федерациясының командасы, 3-орынды Беларусь және Өзбекстан Республикасының құрама командалары иеленді.

Есте сала кетейік, 1 қазанда Өзбекстанның Самарқанд қаласында ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан XVII әлем чемпионатының және өрт сөндіру-құтқару спортынан әйелдер арасында VІII әлем чемпионаты басталды.