Қазақстандық өндірушілер елден шықпай-ақ халал сертификатын ала алады

Қазақстандық өндірушілер елден шықпай-ақ халал сертификатын ала алады
Сурет: Inform.kz

Өндірушілердің жаңа нарықты игерудегі мүмкіндігі артты.

Қазақстан Үкіметі отандық өндірушілер халал сертификатын қалай ала алатыны жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy kz.

Мамандардың айтуынша, ол үшін өндірушілер келесі құжаттар жиынтығымен ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартқа ресми түрде өтінім беру қажет:

  • Өндірістік-технологиялық құжаттар;
  • Өнімді сынау хаттамалары. 

«Азия, ЕАЭО және ТМД елдерінің кәсіпкерлері өз өнімдерінің ислам стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін ҚазСтандарт алаңын пайдалана алады және осылайша Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына қолжеткізе алады»,- делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізуге «ҚазСтандартты» аккредиттеу туралы ресми құжат алғанын естеріңізге сала кетеміз.