Қазақстандық оқушылар жаһандық робототехника чемпионатында топ жарды

Қазақстандық оқушылар жаһандық робототехника чемпионатында топ жарды
Сурет: 24.kz

Еліміздің оқушылары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен жаһандық робототехника чемпионатына қатысты.

Жас жеткіншектер беделді үш номинацияны қанжығаға байлады. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері команданың кәсіби біліктілігін жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Чемпионатқа 110 елден 36 мың бала қатысты. Қазақстан намысын елуге жуық шәкірт қорғады. Құрама осы жылдың ақпан айында өткен ортаазиялық ойындарда құрылған еді.