Қазақстандық маунтинбайкшылар Париж олимпиадасында ұпай жинауды бастады

Қазақстандық маунтинбайкшылар Париж олимпиадасында ұпай жинауды бастады
Сурет: Olympic.kz

Жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Қазақстандық спортшы Алина Саркулова маунтинбайктан халықаралық жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Құрама спортшылары Түркияда Koramaz Valley MTB Cup Race Series халықаралық жарысына қатысып, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына ұпай жинай бастады.

Атап айтқанда, Алина Саркулова аталған бәсекеде ХСС бойынша топ жарып, бірінші орынға ие болды. Ал Денис Сергиенко екінші орыннан көрінді. 

Ал ХСО жарысында Денис Сергиенко үздік танылса, Егер Карасаев мәре сызығын екінші болып кесіп өтті.