Қазақстандық палуан Юсуф Ашрапов әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық палуан Юсуф Ашрапов әлем чемпионатында жеңіске жетті
Сурет: Olympic.kz

Бұл - қазақстандық команданың екінші жүлдесі.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Италиядағы U17 әлем чемпионатында екінші медальмен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Юсуф Ашрапов 60 келіге дейінгі санатта жетістікке жетті. Үшінші орын үшін айқаста оған ирандық балуан Абольфази Миршакар қарсы тұрды.

Тартысты күресте Юсуф Ашрапов айласын асырып, қарсыласын бір ұпай айырмашылығымен жеңді -11:10.

Бұл марапат - осы әлем чемпионатында қазақстандық команданың екінші жүлдесі. Бұған дейін қола медальды Арсен Жұма жеңіп алған болатын.