Қазақстандық каскадерлер Наполеон туралы фильмге түсті

Қазақстандық каскадерлер Наполеон туралы фильмге түсті
Сурет: Baq.kz

Отандық мамандық Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс жасайды.

Nomad Stunts халықаралық командасының каскадерлері танымал режиссер Ридли Скоттың жаңа фильмінің түсіріліміне қатысты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтармен бірлескен жұмыстың алғашқы кадрларын ағылшын каскадерлері жариялады. Түсірілім Лондонда өтті.

Айта кетейік, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, каскадер Жайдарбек Күнғожинов 2020 жылғы қарашада әлемдік каскадерлер академиясының Taurus сыйлығын жеңіп алған болатын.

Nomad Stunts халықаралық кәсіби каскадерлер тобын 2000 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов құрған. Каскадерлер Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс жасайды. Олардың фильм қоржынында «47 ронинов», «Неудержимые 2», «Путь домой» жобасы және Netflix және HBO сериялдары бар.