Қазақстандық гимнасшы Айбота Ертайқызы халықаралық турнирде «алтын» алды

Қазақстандық гимнасшы  Айбота Ертайқызы халықаралық турнирде «алтын» алды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық көркем гимнасшы Айбота Ертайқызы Мажарстанда өтіп жатқан Gracia Fair Cup халықаралық турнирде алтын медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы алтын медальды ұршықпен жаттығу сайысында алған. Ол бұған дейін лентамен жаттығу сайысында екінші орын алған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, бұдан басқа дәл осы турнирде қазақстандық гимнасшылар 3 медаль алды.