Қазақстандық ғалымдар Сеулде өткен халықаралық семинарға қатысты

Қазақстандық ғалымдар Сеулде өткен халықаралық семинарға қатысты Сурет: Kk.birmiss.com

Азияның 14 елінен келген мамандар жаңа тұқым түрлерін зерттеудегі жетістіктерімен бөлісті.


Мәдени өсімдіктерді өсірумен айналысатын қазақстандық ғалымдардың да жаңалықтары аз емес. Халықаралық тәжірибені зерделеген мамандар жаңа жылдан бастап тұқымдардың цифрлық ақпараттық жүйесін енгізіп, еліміздің фермерлерін жаңа тұқым түрлерімен қамтасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



«Шетелдік компанияларды ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық селекциясы мен тұқым шаруашылығына инвестиция салуға ынталандыратын шаралардың бірі – Қазақстанның өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа қосылуы.  Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақстандық тұқым шаруашылығының алдында үлкен міндеттер тұр және Кореяда өтіп жатқан Азиядағы тұқым шаруашылығын дамыту екі апталық тренинг тұқым шаруашылығының әлемдік үрдістерін түсінуге мүмкіндік берді.  Тренинг аясында біз тұқым шаруашылығының өте заманауи процесімен таныстық», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті сарапшысы Меруерт Жуандықова. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55