Қазақстандық фристайлшы «күміс» алды

Қазақстандық фристайлшы «күміс» алды
Сурет: Egemen.kz

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан әлем кубогі өтіп жатыр.

Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

П.Колмаков фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды.

Канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, аустралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлде бұйырды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК мәліметі бойынша тағы бір қазақстандық Антон Бондарев іріктеуден өте алмады.

Сондай-ақ могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға өткенімен, жүлдеге іліккен жоқ.