Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды

Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды
Сурет: Rbc.ru

95-ші рет өткізілетін америкалық киноакадемия сыйлығын тапсыру рәсімі 2023 жылғы 12 наурызда өтеді.

«Оскарға» үміткерлердің тізімі 2023 жылғы 24 қаңтарда жарияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен режиссер Эмир Байғазиннің «Өмір» фильмі америкалық «Оскар» киноакадемиясының сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылды.

Байғазиннің жаңа картинасының әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивальінің «Заманауи әлемдік кино» секциясында орын алды.