Қазақстандық екпенің құжатын Ұлыбритания мойындады

Қазақстандық екпенің құжатын Ұлыбритания мойындады
Сурет: 24.kz

Вакцина паспорты 11 ақпаннан бастап жарамды болады.

Бұл туралы Ұлыбритания үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлыбританияда 11 ақпаннан бастап Қазақстанның вакцина төлқұжаттары жарамды болады.

«Қазақстан бұл тізімге 2022 жылдың 11 ақпанында сағат 4:00-де қосылады. Құжаттың мойындалуына вакцинация туралы сертификат растау болады», - делінген Ұлыбританияның Министрлер кабинетінің мәлімдемесінде.

Мақұлданған вакциналар қатарында: Kovaxin, Moderna, Janssen (бір доза), Novavax (Novaxovid және Kovovax), Oxford/AstraZeneca, Pfizer BioNTech, Sinopharm Beijing және Sinovac-CoronaVac бар.