Қазақстандық дәрігерлер мейрам күндері сақтық шараларын сақтауға шақырады

Қазақстандық дәрігерлер мейрам күндері сақтық шараларын сақтауға шақырады
Сурет: Rossaprimavera.ru

Маска киіп, қолды антисептиктермен өңдеп жүру керек.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Мамандар адамдар жаппай жиналған орындарда маска киіп, қолды антисептиктермен өңдеп, әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады.  

«Сондай-ақ, өзіңізді және жақындарыңызды індеттен қорғау мақсатында әрбір қазақстандық тұрғыннан COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакциналаудан уақытылы өтуді сұраймыз.  Аурудың алдын алудағы ең тиімді жол - вакциналау. Алайда белгілі уақыттан кейін екпенің қорғаныс күші төмендеп, антиденелер жойыла бастайды.  Олардың инфекциямен күресуге жеткілікті деңгейі сақталуы үшін алты айдан кейін ревакциналаудан өту аса маңызды екенін тағы да естеріңізге саламыз», - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев.