Қазақстандық дәрігерлер елде коронавируспен ауырғандардың саны өскенін айтты

Қазақстандық дәрігерлер елде коронавируспен ауырғандардың саны өскенін айтты
Сурет: Rbc.ru

Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 3,2 есеге өскен.

Қазақстанда коронавируспен аурып жатқандардың саны артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Әлемде сырқаттанушылықтың өсуімен қатар Қазақстанда да 20 маусымнан бері КВИ-мен сырқаттанушылық артқаны байқалады. Соңғы аптада, алдыңғы аптамен салыстырғанда, аурушаңдық 3,2 есе өсті. Бұрын 2558 жағдай тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 8156 жетті. Соңғы тәулікте КВИ+ 2 480 жағдайы және КВИ- 13 жағдайы тіркелді», - деді спикер.

Ресми мәліметтерге сәйкес, олардың 80%-ында соңғы вакциналау  мен ревакцинациядан кейін 6 айдан аса уақыт өткен. Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бері сары аймақта тұр, өзге өңірлер – жасыл аймақта.