Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінде жоғарылады

Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінде жоғарылады
Сурет: Ашық дереккөз

Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орынға көтерілді

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде қазақстандың боксшылардың позициялары жақсарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкий 15-ші орыннан 12-ші орынға көтерілді.

Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов бұрын оныншы орында болатын, ал қазір сегізінші орынға жайғасты.