Қазақстандық боксшылар Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

Қазақстандық боксшылар Олимпиадаға қатыспауы мүмкін
Сурет: 24.kz

ХОК бұл спорт түрін жарысқа қоспаған.

Қазақстандық және өзге елдің боксшылары Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылы өтетін ойын бағдарламасына боксты қоспаған, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ХОК 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің жаңа тәртібін мақұлдады.

Жаңа ережеге сәйкес, Париж Олимпиадасына іріктеу 2023 жылы өтетін аймақтық, халықаралық турнирлердің қорытындысы бойынша жүргізіледі. Бұл Сантьягодағы Панамерикалық ойындар, Краковтағы Еуропа ойындары, Соломон аралындағы Тынық мұхиты ойындары және Гуанчжоудағы Азия ойындары.

ХОК қауымдастығы мен Африка елдері арасында Аккрадағы Африка ойындарын да іріктеу турнирі ретінде есептеу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Содан кейін 2024 жылы ХОК 2 дүниежүзілік іріктеу турнирін өткізуді жоспарлап отыр.

Ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін  Олимпиадаға боксшылардың қатысуы күмән үстінде. Халықаралық Олимпиада комитеті бұл спорт түрін жарысқа қоспаған. ХОК Халықаралық бокс федерациясындағы (IBA) жағдайға алаңдаушылық білдіріп, федерацияны реформалау процесін бақылауды жалғастырады.