Қазақстандық боксшы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан шығып қалды

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан шығып қалды
Сурет: Sn.kz

Жәнібек Әлімханұлы үздік ТОП-15-тен шығып қалды.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   

Осының алдында жетінші болған орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы үздік ТОП-15-тен шығып қалды. 

Еске салайық, 22 мамырда «Қазақ стилі» лақап атымен белгілі боксшы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша «аралық» әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 

WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион – қазақстандық Геннадий Головкин. Ол IBF және IBO белдіктеріне ие. 

Рейтингтің алғашқы «үштігіне» британдық кіші Крис Юбанк, мексикалық Хайме Мунгия және жапон боксшысы Риота Мурата енген. 

Бұған дейін Boxrec.com сайтының үздік қазақстандық боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынған болатынбыз. Онда Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) кейін екінші орында тұр.