Қазақстандық балабақшаларға бейнекамера қою міндеттеледі

Қазақстандық балабақшаларға бейнекамера қою міндеттеледі
Сурет: Edu.mcfr.kz

Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов айтты.

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барлық балабақшаларда міндетті түрде бейнекамера болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz сілтеме жасап.

2011 жылдары балаларды балабақшамен қамту көлемін арттыру мақсатында бейнебақылау камералары алынған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Еуразия» бірінші арнасының «Айна» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Министрдің айтуынша, шағын бизнес, балабақшаларды көбейту керек, оған ешқандай кедергі болмау керек деген принциптің салдарынан мекемелердің талабы төмендетілген.  Енді ол жаңа бұйрыққа қол қоятынын ескертті.

«Бұл біздің бизнесіміз» деп жекеменшік балабақшалар мұнымен келіспей жатыр. Әрине, бұл бизнестің дамығанын қолдаймыз, бірақ біз бір мәселені түсінуіміз керек. Бізге не керек? Балалар сапалы білім, саналы тәрбие алуы тиіс. Олар қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Сондықтан біз бәрін түсінеміз, бірақ талаптарды қатайтамыз. Барлық балабақшаларда міндетті түрде бейнекамера болуы керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр өткен жылдың соңында балабақшаларға тексеру жүргізу қайта қолға алынғанын айтты. Нәтижесінде балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.