Қазақстандық ауыр атлеттер Азия біріншілігінде жүлделі орындардан көрінді

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия біріншілігінде жүлделі орындардан көрінді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандық жас зілтемірші Азамат Төлеген Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола медаліне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республикалық Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Төлеген алты тәсілдің бесеуін сәтті қолданып, 262 келідегі қорытынды салмақпен жарысты аяқтады.

Алынған нәтиже қазақстандық зілтеміршіге қоссайыс есебінде қола медалін, сондай-ақ серпуде кіші күміс медальді жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетсек, 18 шілдеде Ерасыл Ғұмаров 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленіп, Қазақстан қоржынына бірінші медаль салған еді.