Қазақстандық ауыр атлет - Азия чемпионатының жүлдегері

Қазақстандық ауыр атлет - Азия чемпионатының жүлдегері
Сурет: Inform.kz

Ерасыл Омаров – Азия чемпионатының жүлдегері.

Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеге 21 елден 300-ден аса қатысушы жиналды. Жарыстың алғашқы күндері жеңіл салмақтағы сындар болды. Мәселен, 55 келіге дейінгілер арасында ел намысын Ерасыл Омаров қорғаған. Ол жұлқа көтеруде 104, ал серпе көтеруде 124 келіні басынан асырды. Осылайша 228 келімен жалпы есепте үшінші орыға тұрақтады. Бірінші және екінші орынды Вьетнам спортшылары иемденді.

Бұған қоса, қыздар арасында 45 келіге дейінгілердің жарысы өтті. Бұл сынға еліміз атынан Александра Беленко қатысып, жарыс қорытындысы бойына 5-ші орынға тұрақтады. Өзбекстандағы Азия чемпионаты 25 шілдеге дейін жалғасады.

«Неше күн бойы салмақ тастап келдім. Осыған да шүкір. Үшінші орын алдым. Негізгі салмағым 59 еді, 55-ке дейін қудық. Бізде бәріміз алтын деп келдік. Бәрі алтын алады деген үміттемін. Сәттілік тілеймін. Қарсыластарыма да. Болашақта тағы жарысатын боламыз», - деді Азия чемпионатының жүлдегері Ерасыл Омаров.