Қазақстандық ару Netflix фильміне түсті

Қазақстандық ару Netflix фильміне түсті
Сурет: Elorda.info

Қазақстандық Сатима Вальсоны Netflix фильміне түсті.

Сатима Вальсоны – IQanat қорының алғашқы түлектерінің бірі, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынан, 2018 жылғы олимпиада финалисі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

«Ол Netflix-тің келесі күзде шығатын америкалық фильмінің екінші жоспарының түсіріліміне қатысты. Фильм апокалипсистен кейін бір елге басқа мемлекетке халықтардың қалай келгені туралы баяндалады», - деп жазылған хабарламада.

Сатима Вальсоны 2019 жылы Литвадағы Витаутус Магнус университетіне грантқа түскен. Ал биыл қазақстандық ару оқуын бітіреді. Кейін ол Қазақстанға оралып, елімізде жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, iQanat – әлеуметтік жоба. Бұл жоба арқылы ауыл балалары сапалы білім алып, Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне гранқа оқуға түсе алады.