Қазақстандық АЭС-те жұмыс істейтін мамандар жоқтың қасы

Қазақстандық АЭС-те жұмыс істейтін мамандар жоқтың қасы
Сурет: 24.kz

Ал оған 2 мыңнан астам маман қажет.

Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингінде  ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24»сайтына сілтеме жасап.

Осы себепті бастапқыда шетелдік жұмысшылардың көмегіне жүгінуге тура келетінін жеткізді. Сөйтіп, алдағы 7-10 жылдың ішінде тәжірибелі мамандардың пулын қалыптастырамыз. Министр станция құрылысына да тоқталып кетті. Белгілі болғандай, технология таңдау процесі әлі жүріп жатыр. Негізге Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяның тәжірибесі алынған.

«Бірнеше нұсқа бар. Не мемлекет өзі салады, не технология лицензияларына салу мүмкіндігі беріледі. Қауіпсіздік жағдайы қарастырылып, сейсмикалық зерттеулер әлі жүргізіліп жатыр. Дегенмен шамамен құрылыс алаңын айқындап қойды. Осыған дейін айтқанымыздай, 5 технологиядан тұратын қысқа тізім болған. АҚШ технологиясын қарастырмаймыз деп шештік. Олармен басқа жобалар бойынша жұмыс істейміз», - дейді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.