Қазақстандағы жеңіл көліктердің 7 пайызға жуығы ғана жаңа

Қазақстандағы жеңіл көліктердің 7 пайызға жуығы ғана жаңа
Сурет: Aqparat.info

Жеңіл көліктің ең көбі Алматы облысы мен қаласында.

Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 95 801 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасында 3 907,2 мың автомобиль тіркелген.

«Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%», деп мәлімдеді Ұлттық статистика агенттігі.

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен жүреді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.