Қазақстандағы орман шаруашылығының интерактивті картасы таныстырылды

Қазақстандағы орман шаруашылығының интерактивті картасы таныстырылды
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы алматылық журналистерге арналған баспасөз туры аясында айтылды. БАҚ өкілдеріне «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар мен брендтік жобалар жайында ақпарат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ел аумағын көгалдандыру мақсатын көздеген жобаны іске асыру аясында "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ және "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК-мен бірлесіп, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті картаны жасап шығарған. Интерактивті картаны құрудың мақсаты - тұрақты дамуды қамтамасыз ету және тиімділікті арттыру мақсатында геоақпараттық жүйелерді қолдануға негізделген еліміз  бойынша 2 млрд ағаш отырғызуды қоғамдық бақылау және мониторингілеу құралын құру. 

Интерактивті карта негізінде орман орналастыру материалдары жатқан мемлекеттік орман қорының атрибутивтік ақпараты бар геосервис болып табылады. Геосервисте орман орналастыру материалдары телімдердің таксациялық сипаттамасы түрінде атрибутивті ақпараты бар векторлық сандық карталар түрінде ұсынылған.

"Картаға енгізілген орман мекемелерінің, орманшылықтардың, орамдардың, телімдердің шекаралары көрсетілген таксациялық сипаттамасы бар карталар қабаттары және ай сайын жаңартылып отыратын аса жоғары кеңістіктік рұқсаттағы ғарыш түсірілімдері, ағаш отырғызу, тұқым дайындау, тұқымбақтар жөніндегі мәліметтер автоматты түрде дерекқорға түседі және барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болады. Ең маңыздысы, ҮЕҰ мен мүдделі жандарға суреттер мен бейнематериалдарды, ағаш отырғызу және күтіп-баптау жұмыстары туралы түсінік беріліп, мониторинг жүргізіледі, сөйтіп, атқарылған істердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Android OS және IOS платформалары үшін инспекторлардың ағаш отырғызу туралы ақпаратты өз бетінше толтыруға және көрсетуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасалған", - деді  "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК директорының орынбасары Нұрлан Сүлейменов.