Қазақстандағы энергетика мен мұнай-газ саласындағы ұлттық және шетелдік компаниялар экологияға бет бұрды

Қазақстандағы энергетика мен мұнай-газ саласындағы ұлттық және шетелдік компаниялар экологияға бет бұрды
Сурет: 24.kz

Елімізде ауаны ластау азая бастайды.

Энергетика және мұнай-газ саласындағы компаниялар өндіріс орындарындағы ауаға бөлінетін көмертегі көлемін барынша азайтып, ал 2060 жылға қарай көміртегіден ада болуға ниетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол үшін компаниялар көміртегіні кәдеге жаратып, метан бөлінісін басқару, энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бағасын іштей белгілеу тетіктерін зерттейді.

БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіге бейтарап мемлекет болатыны туралы айтқан. Осы орайда отандық мұнай-газ компаниялары осы бір зиянды газ бөлінісін алдағы он жылда 15 процентке төмендетуді жоспарлап отыр.