Қазақстандағы электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі

Қазақстандағы электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандағы электр энергиясының 70% көмірден, 20% газдан, 3% жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны су көздерінен өндіріледі. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,2 млрд кВт/сағ құрады.

Жаңартылатын энергия көздерінің объектілері, соның ішінде ірі СЭС-тер өндіретін электр энергиясының үлесі 2015 жылғы 10,3%-дан 2020 жылға қарай 11%-ға дейін өсті. Ірі су электр станцияларын есептемегенде, бұл көрсеткіш одан да төмен – 2021 жылы алынған қуаттың үлесі 3,7%-ды құрады.