Қазақстандағы банктер төрт айда 375 млрд теңге таза пайда тапқан

Қазақстандағы банктер төрт айда 375 млрд теңге таза пайда тапқан
Cурет: Ашық дереккөз

Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 18,1%

2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 18,1%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

Сонымен қатар қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 мамырда 3,5%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 2,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 28,7%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 22,4%) құрады», - делінген агенттік хабарламасында.