Қазақстандағы астық қоры 6,6 млн тоннаға бағаланды

Қазақстандағы астық қоры 6,6 млн тоннаға бағаланды Сурет: Akchabar.kg

Мамыр айының басында Қазақстанда бидай қоры 5,4 млн тоннаны құрады.


1 мамырдағы деректер бойынша, Қазақстанда элеваторлар мен қоймаларда 6 млн 687 мың 43,3 тонна дәнді және бұршақ дақылдары болған. Оның 4,6 млн тоннасы – азық-түлік астығы, 1,4 млн тоннасы – тұқым және 593,2 мың тоннасы – жем, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сілтеме жасап.


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде астықтың ең көп қоры – 2,6 млн тонна, оның 926,9 мың тоннасын тұқымдар құрады. Астық қоймалау және сақтау нысандарында – 1,5 млн тонна, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында – 1,2 млн тонна, ұн тарту кәсіпорындарында – 615,5 мың тонна. 


Мамыр айының басында Қазақстанда бидай қоры 5,4 млн тоннаны, оның ішінде азық – түлік қоры-4 млн тоннаны құрады.


Жүгері - 95 мың тонна, күріш – 146,3 мың, арпа – 791,3 мың, қара бидай - 14,5 мың тонна, сұлы - 79,3 мың тонна, қарақұмық - 28,1 мың тонна, тары – 9,8 мың тонна, масақты қоспа -20,8 мың тонна қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51