Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы қызмет көрсету көлемі бір жылда 9%-ға өсті

Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы қызмет көрсету көлемі бір жылда 9%-ға өсті Сурет: Vlast.kz

Сектордағы қызметтердің үштен бірінен астамы мәдени астана - Алматының еншісінде.


2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасында жоғары білім саласындағы қызмет көрсету көлемі 278,9 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,3%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл қаржының 36,5%-ы Алматы қаласына тиесілі: яғни, 101,8 млрд теңге, жылдық өсімі 13,5%. Осы саладағы үздік өңірлер үштігіне елорда (63,2 млрд теңге) мен Шымкент (19,8 млрд теңге) кіреді.


Сала бойынша қызмет көрсетудің ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында белгіленген: бар болғаны 1,3 млрд теңге.


Салада көрсетілген қызметтердің негізгі көлемі ірі компаниялардың үлесіне тиді: 245,9 млрд теңге, плюс жылына 10,2%. Шағын кәсіпкерлік субъектілері 16,4 млрд теңгені (жыл бойынша минус 8,7%), орта – 16,6 млрд теңгені (плюс 17,3%) құрады.



Меншік нысандары бойынша жоғары білім беру саласындағы қызметтердің басым бөлігін жеке кәсіпорындар көрсеткен: 177 млрд теңге, плюс жылына 53,7%. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтері бір жылда 27,6%-ға, 100,1 млрд теңгеге дейін, шетелдік қызметтер – 6,2%-ға, 1,8 млрд теңгеге дейін төмендеді.



2022 жылы жоғары білім саласындағы гранттардың жалпы саны 10%-ға артады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.


Техникалық бағыттар бойынша гранттардың үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады, ауылдық квота 35%-ды құрайды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда шетелдік беделді университеттердің 5 филиалын ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43