Қазақстанда жыл басынан бері 28 мыңнан астам тұрғын үй салынған

Қазақстанда жыл басынан бері 28 мыңнан астам тұрғын үй салынған Сурет: Tengrinews.kz

 Елімізде құрылыс қарқыны артып келеді.


Жыл басынан бері 28 мыңнан астам тұрғын үй салынған. Бұл - пайдалануға берілген нысандардың 90 пайызы. Салынған ғимараттардың жалпы ауданы 12 миллион шаршы метр. Мамандардың болжамынша, құрылыс жұмыстарына 4 миллиард теңгедей жұмсалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға көп. Тағы да айта кететін жәйт, тұрғын үйлердің басым бөлігін отандық құрылыс компаниялары салған. Жаңа үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші жағынан Шымкент қаласы мен Қызылорда, Ақмола облысы көш бастап тұр. Ал, Қарағанды, Маңғыстау, Абай облысында керісінше, құрылыс жұмыстарының қарқыны төмен. Жалпы, биыл пайдалануға берілген 31 мыңнан астам жаңа нысанның 90,8 пайызы - тұрғын үй. Қалғаны - әлеуметтік нысандар мен коммерциялық ғимараттар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31