Қазақстанда жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы өсті

Қазақстанда жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы өсті
Сурет: Kn.kz

Жыл басынан бері көрсеткіш 18,7%-ға өскен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, жеке тұлғаларға берілген несиелер 2022 жылғы тамызда 2,9%-ға ұлғайып, 12,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.

“Несиелердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,1%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсаттарға арналған қарыздар, 2,3%-ға 7,0 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болды”, – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Биылғы жылдың тамыз айында несие портфелінің сапасы біршама жақсарды.

“Сонымен, 2022 жылғы 1 қыркүйекте банк секторы бойынша NPL қарыздарының деңгейі бір айда 0,2 п.т. немесе 41 млрд теңгеге азайып, 787 млрд теңгені немесе жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құрады. 2022 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 3,3% немесе 669 млрд теңге болған”, – деп хабарлады агенттікте.